Тәжікстанда аналық без қатерлі ісігі кезінде ішпердеге тараған метастаздарға құрсақішілік қысым арқылы аэрозольді химиотерапияны (PIPAC) қолданудың алдын ала нәтижелері

Авторлар

  • М.М. Ходжиева

Кілт сөздер:

интраперитонеальді қысымды аэрозольді химиотерапия (PIPAC), аналық без обыры, перитонеальді канцероматоз

Аңдатпа

Өзектілігі: Аналық без қатерлі ісігі – әйелдердің ұрпақты болу жүйесі мүшелерінің барлық нозологияларының ішіндегі ең агрессивті түрі. Бұл сырқат әйелдердің 75%-дан астамында кеш сатысында анықталады және диагноз қойылған кезде шамамен 60% басқа органдарға метастаз беріп үлгереді. Жүйелік химиотерапия құрсаққа шектеулі әсер етеді және жанама әсерлердің жоғары жиілігіне иелік етеді. Аурудың белгілері мен терапияның жанама әсерлерін азайту арқылы өмір сүруді ұзарту және өмір сүру сапасын сақтау үшін, әсіресе денсаулық сақтау ресурстары шектеулі елдерге тиімді тәсілдер қолдану қажет.
Зерттеудің мақсаты – аналық без қатерлі ісігі кезінде ішпердеге тараған метастаздарға құрсақішілік қысым арқылы аэрозольді химиотерапияны (PIPAC) қолданудың алдын ала нәтижелерін бағалау.
Әдістері: 2022-2023 жылдары T3a-cN0M0 (FIGO) ауру сатысы бар республикалық онкологиялық ғылыми орталықта тексеріліп, емделіп жатқан перитонеальді метастаздары бар аналық без обырымен ауыратын 18 әйел зерттелді. Пациенттер 2 топқа бөлінді: бірінші топтағы 6 пациентке 1-ші кезеңде + PIPAC циторедукциясын орындалды, ал екінші топ (12 әйел) – 1-ші кезеңде эксплоративті лапаротомия + биопсия + PIPAC орындалды. Екі топтың пациенттері де жүйелік химиотерапияның 2 курсын алды, содан кейін PIPAC-ты қайталады. Жүйелік химиотерапия ретінде таксандар + платинасы бар препараттар схемасы қолданылса, PIPAC процесінде цисплатин немесе карбоплатин доксорубицинмен қолданылды. Жалпы алғанда, әрбір пациент 2 PIPAC сеансын және циторедуктивті операциямен 4-тен 6-ға дейін жүйелік химиотерапия курсын алды. Барлық науқастарға Sugarbaker P.H. (2010) әдісі бойынша перитонеальді канцероматоз индексін (PCI) қайта бағалаумен және перитонеальді биопсия алу арқылы кешенді зертханалық, цитологиялық, гистологиялық және аспаптық әдістер тексеру, сондай-ақ лапароскопиялық бақылау жүргізілді.
Нәтижелері: Бірінші кезеңде ЦО+PIPAC қолдану перитонеальді канцероматоздың белгілерін нивелирлеуге, 12 (67%) жағдайда толық рентгенологиялық жауапқа, 44% толық регрессия түрінде толық морфологиялық жауапқа, 39% жағдайда орташа жауапқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Қорытынды: Бірінші кезеңде циторедуктивті компоненті бар PIPAC-ты жедел нәтижелерді жақсарту, олардың өмір сүру сапасын жақсарту, стационарда болу уақытын қысқарту түрінде біріктірілген емдеуде қолдану тиімділігі көрсетілген. Зерттеу жалғасуда.

Жүктеулер

Жарияланды

20.10.2023