Қатерлі ісікпен ауыратын науқастардағы метемоглобинемияның сирек кездесетін жағдайлары: клиникалық жағдайлар
Кілт сөздер:
Метгемоглобинемия, метилен көк, гипоксия, цианоз, акроцианозАңдатпа
Өзектілігі: Метемоглобинемия – гемоглобиндегі оттегінің темірмен байланысуының бұзылуымен, одан кейін дене тіндеріне оттегінің жеткізілуінің бұзылуымен сипатталатын ауыр ауру. Әртүрлі препараттар, соның ішінде бензокаин бар антацидтер жүре пайда болған метгемоглобинемияны тудыруы мүмкін. Ұсынылған клиникалық жағдайлар жұтқыншақ ісігімен ауыратын, көмейге операция жасалған 32 жастағы әйелде және сол бүйректің қатерлі ісігімен диагнозы қойылған 45 жастағы әйелде cол бүйрек резекциясынан кейінгі Алмагель А антацидті препаратын қолданумен байланысты метгемоглобинемияны сипаттайды.
Зерттеудің мақсаты – Ісікке қарсы терапиядан кейін ас қорыту жүйесінің аурулары бар қатерлі ісікпен ауыратын науқастарды емдеуде кеңінен қолданылатын Алмагель А (антацид) индукцияланған метгемоглобинемияның клиникалық жағдайлаын сипаттау.
Әдістері: Біз «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ ауруханасына жатқызылған науқастарда (32 және 45 жаста) метгемоглобинемияның клиникалық жағдайларын ұсынамыз. Шағымдар, ауру анамнезі, клиникалық көрінісі, клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелері ретроспективті түрде талданды.
Нәтижелері: Бұл мақалада науқастарымыздың клиникалық көрінісі туралы баяндалады, ықтимал уланудың себептері мен механизмдері талқыланады және метгемоглобинемияны емдеуге арналған соңғы ұсыныстар қарастырылады. Көктамырішілік метилен көкпен емдеу науқастың тыныс алу жағдайының жылдам жақсаруына әкелді.
Қорытынды: Жүре пайда болған метгемоглобинемия – бұл көбінесе өлімге әкелуі мүмкін белгілі бір препараттармен және қосылыстармен уланудан туындайтын өткір жағдай. Бұл клиникалық жағдайлар метгемоглобинемияны диагностикалаудың қиындықтарын көрсетеді, анамнестикалық мәліметтерді алудың, қышқылдық-негіздік күйді және қан газдарын зерттеудің маңыздылығын, сонымен қатар емдеуде метилен көкін антидот ретінде қолданудың тиімділігін көрсетеді.