Клиникалық тәжірибеде 68GA-FAPI ПЭТ/КТ-ны қолдану – қатерлі ісіктерді визуализациялау перспективалары: әдебиетке шолу

Авторлар

  • Ж.Ж. Жолдыбай
  • Ж.К. Жакенова
  • А.С. Айнакулова
  • М.О. Габдуллина КазНМУ им. Асфендиярова
  • Ж.М. Аманкулов
  • Е.В. Филиппенко
  • Б.К. Исаматов
  • А.С. Алакова
  • Ю.Т. Дауытова

Кілт сөздер:

қатерлі ісіктер, ПЭТ/КТ, FAPI

Аңдатпа

Өзектілігі: Әртүрлі локализациялардағы қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық бүкіл әлемде де, Қазақстанда да өсуде. Онкологиялық аурулардан болатын өлім – жітім де жоғары. Ерте диагностика және оңтайлы терапия үшін ғалымдар молекулалық диагностиканы, соның ішінде әртүрлі маркерлерді қолданатын ПЭТ/КТ әдісін зерттейді. 18F-фтородезоксиглюкоза онкологияда кеңінен қолданылады, бірақ кейбір ісіктердің түрлерін нақты ажырата алмайды. Белсендіретін фибробластикалық ақуыздың (FAP) анықталуы әртүрлі қатерлі ісіктерді диагностикалаудың әмбебап маркері бола алатын FAP-бағытталған радио таңбаланған ингибиторларға (FAPI) қызығушылық тудырды. Қазіргі уақытта ПЭТ/КТ үшін әртүрлі FAP маркерлері зерттелуде, олардың арасында 68Ga-FAPI ерекше орын алады.
Зерттеудің мақсаты – қатерлі ісіктерді анықтаудағы FAPI ПЭТ/КТ-ның мүмкіндіктерін талдау.
Әдістері: MEDLINE, Embase, Scopus, PubMed Cochrane Central Register of Controlled Trials дерекқоры бойынша келесі түйінді сөздермен: "қатерлі ісіктер", "ПЭТ/КТ" және "FAPI" шолу жүргізілді. Бұл шолуда әртүрлі локализациялардағы ісіктерді анықтау, сатылау, емдеу тиімділігін қарастыруда 68Ga-FAPI ПЭТ/КТ-ның диагностикалық мүмкіндіктерін бағалауға арналған A1 дәлелдеу деңгейі бар 48 дереккөздің нәтижелері сипатталған.
Нәтижелері: 68Ga-FAPI PET/CT маркерінің сезімталдығы мен өзгешелігі туралы мәліметтерді жинайтын жұмыстарды талдау келесі көрсеткіштерді айқындайды: сәйкесінше 95%-дан 100%-ға дейін және 62%-дан 100%-ға дейін. Алайда, тәжірибеде қолдануға нақты көрсеткіштерді қалыптастыру үшін 68Ga-FAPI ПЭТ/КТ-ның диагностикалық мүмкіндіктері әлі де қатысушылардың саны мен біртектілігін арттыра отырып қосымша зерттеулерді қажет етеді.
Қорытынды: FAPI ПЭТ/КТ-ның диагностикалық мүмкіндіктері туралы деректерге шолу маркердің қатерлі ісік диагностикасында қолданылу әлеуетін көрсетеді. 68Ga-FAPI ПЭТ/КТ-ның көмегімен алынатын ақпарат ядролық медицинаның өзге маркерлары арқылы алынған мағлұматты толықтырады және науқастардың әрбір нақты жағдайдағы емдеу тактикасына әсер етеді.

Автор өмірбаяндары

  • Ж.Ж. Жолдыбай

     

     

  • Ж.К. Жакенова

     

     

  • А.С. Айнакулова

     

     

  • Ж.М. Аманкулов

     

     

  • Е.В. Филиппенко

     

     

  • Б.К. Исаматов

     

     

  • Ю.Т. Дауытова

     

     

Жүктеулер

Жарияланды

20.10.2023