Беларусь Республикасында ^кпе обырымен сырқаттанушылық пен ^лім динамикасы (1990-2019 жж.)
DOI:
https://doi.org/10.52532/2521-6414-2021-4-62-9-15Кілт сөздер:
өкпенің қатерлі ісігі, өрескел қарқынды көрсеткіштер, стандартталған көрсеткіштерАңдатпа
Өзектілігі: өкпе обыры – әлемдегі ең көп таралған және қолайсыз қатерлі ісік-тердің бірі. Беларусь Республикасында өкпе обыры қатерлі ісіктермен сырқатта-нушылық құрылымында 3-орынды (8,2%) және олардан болатын өлім құрылымын-да бірінші орынды (21,5%) алады.
Зерттеудің мақсаты – 1990 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде Беларусь Респуб-ликасында өкпе обырынан сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің динамикасын зерттеу болды.
Əдістері: Қазіргі зерттеуге 1990 жылдан 2019 жылға дейін өкпе қатерлі ісігі диагно-зымен ұлттық канцер-регистрде тіркелген барлық Беларусь тұрғындары кірді (ICD-10 коды: C33-C34). Демографиялық айнымалыларға жынысы, жасы және тұрғылықты жері (қалалық немесе ауылдық) кірді. Өкпе қатерлі ісігінің саны 100 000 адамға шаққанда аб-солютті мәндер және өрескел қарқынды көрсеткіштер түрінде ұсынылған. Сырқат-танушылық пен өлім-жітімнің стандартталған көрсеткіштері әлемдік стандарт-ты (World) қолдана отырып есептелген және 100 000 тұрғынға көрсетілген.
Нәтижелері: зерттелетін кезеңде популяция аурушаңдығының стандарттал-ған көрсеткішінің мәні 100 000 тұрғынға шаққанда 27,5-тен 25,6-ға дейін төмендеді (өсім – 7,1%, p<0,01). Ерлер арасындағы көрсеткіш мәні 100 000 еркек халыққа шаққанда 62,1-ден 54,6-ға дейін төмендеді (өсу қарқыны – 12,1%, p<0,001), ал әйелдер арасында 100 000 әйелге халыққа шаққанда 5,3-тен 6,4-ке дейін өсті (өсу қарқыны – 20,7%, p<0,05).
Өкпе обырынан популяция өлімінің стандартталған көрсеткіші барлық кезең-де 100 000 тұрғынға шаққанда 23,0-ден 18,3-ке дейін төмендеді (өсу қарқыны – 20,4%, p<0,001). Ерлерде өлім көрсеткіші тиісті жыныстағы 100 000 тұрғынға шаққанда 53,6-дан 40,7-ге дейін (өсу қарқыны – 24,1%, p<0,001) төмендеді, ал әйелдерде 3,6-дан 3,7-ге дейін (өсу қарқыны – 2,8%, p>0,05) аздап өзгерді. Стандартталған өлім-жітім көрсет-кіші мәнінің орташа жылдық өсу қарқыны стандартталған сырқаттанушылық көр-сеткіші мәнінің өсу қарқынынан 8 есе тез төмендеді.
Қорытынды: Беларусь Республикасында өкпе обырымен сырқаттанушылық ер адамдар арасында төмендеп, әйелдер арасында қарқынды өсіп келеді. Өкпе обы-рынан болатын өлім-жітім көрсеткіші төмендеу үрдісімен сипатталады. Сапалы мамандандырылған онкологиялық көмек өкпе обырымен сырқаттанушылық көр-сеткішімен салыстырғанда өлім-жітімнің стандартталған көрсеткішінің теріс өсу қарқынының неғұрлым жылдам қарқынын негіздейді.