Реанимация бөліміне түскен жедел лимфобластикалық лейкемиямен ауыратын балалардағы ауыр жағдайлардың алғашқы белгілері және қауіп факторлары
Кілт сөздер:
Клиникалық нашарлау, критикалық жағдайлардың белгілері, қарқынды емдеу бөлімшесі (ҚЕБ), жедел лимфобластикалық лейкемия (ЖЛЛ), балаларАңдатпа
Өзектілігі: Жедел лимфобластикалық лейкоз (ЖЛЛ) балалар арасындағы ең көп таралған қатерлі ісік болып табылады, ол барлық балалар ісіктерінің төрттен бір бөлігін құрайды.
Зерттеудің мақсаты – реанимация және қарқынды терапия бөліміне (РҚТБ) түскен жедел лимфобластикалық лейкозбен ауыратын балалардағы қауіп факторлары мен ауыр жағдайдың белгілерін анықтау.
Әдістері: Ретінде жүйелі шолу қолданылды. Деректер 2019-2023 жылдары жарияланған дереккөздерден жиналды. Жүйелі шолуға төрт когорттық зерттеу, төрт ретроспективті талдау, екі әдебиетке шолу, бір «жағдайды-бақылау»» зерттеуі және бір жағдайды зерттеу кірді.
Нәтижелері: Педиатриялық ЖЛЛ болжамына перифериялық қандағы бласт жасушаларының бастапқы саны әсер етеді. Бласт жасушаларының саны төмен деңгейдегі B-ЖЛЛ пациенттері, төмен деңгейлі T-ЖЛЛ пациенттеріне қарағанда болжамы жақсы.
IL1B және NLRP1 генетикалық полиморфизмдері жедел лимфобластикалық лейкоздың даму қауіпін арттырады және инфекциялық үйлесімділікті төмендетті. Алайда, бұл гендердің полиморфизмдері ювенильді лейкемияда расталуы керек. KRAS, FLT3, NRAS, PTPN11, KMT2D, PTEN және NOTCH1 гендерінің мутациялары педиатриялық ЖЛЛ бар науқастардың сипаттамалары мен нәти- желеріне әсер етті. Бұл мутациялар қауіп қатерді жіктеу және емдеуді даралау үшін генетикалық профильдеудің өзектілігін көрсетеді. Бұған гендік вариация және тиімді дәрі-дәрмектердің болуы ықпал етті. PAX5P80R мутациясы бар емделушілерде 5 жылдық жалпы өмір сүру ұзақтығы төмен, лейкоцит клеткаларының деңгейі жоғары, ерлерде басым және генетикалық ауытқулар көп болды. Педиатриялық B-ЖЛЛ генетикалық талдау мен қауіп қатерді стратификациялауға бағытталған. Афроамерикалық (АА) және еуроамерикалық (ЕА) тектес балаларда ЖЛЛ ауруының, қайталануының және нәтижелерінің әртүрлі көрсеткіштері байқалды. АА балаларының жиілігі төмен, бірақ қайталану жиілігі жоғары және болжам ЕА балаларына қарағанда нашар.
Қорытынды: Осы науқастардың реанимация бөліміне жатқызылу қауіп факторлары қатар жүретін аурулар, жұқпалы аурулар, гипоксия және гемодинамикалық тұрақсыздық, сондай-ақ диагноз кезінде жасы мен лейкоциттер санының бастапқы көрсеткіштері болып табылады.