Қазақстан Республикасында өкпе обыры кезінде интубациялық бейне-ассистенттелген торакоскопиялық резекцияларсыз қолданудың алғашқы тәжірибесі
Кілт сөздер:
өкпенің қатерлі ісігі, NI-VATS, VATS, видео-ассистентті өкпе резекциясы, интубациясыз видеоторакоскопиялық лобэктомия, интубациясыз торакалды хирургияАңдатпа
Өзектілігі: Бірқатар зерттеулер көрсеткендей, интубациясыз хирургиялық араласулар, әсіресе жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің резерві төмен науқастарда, сондай-ақ өкпенің интерстициальды ауруларын диагностикалауда жақсы нәтиже көрсетті.
Зерттеудің мақсаты – Өкпе мен медиастинальды органдардың қатерлі ісіктері кезінде өздігінен тыныс алуда интубациясыз хирургиялық араласуды клиникалық тәжірибеге енгізу.
Әдістері: анестезиологиялық көмек пен хирургиялық емнің техникалық ерекшеліктерінің негізгі сәттері көрсетілген екі клиникалық жағдай сипатталды.
Нәтижелері: өкпенің перифериялық қатерлі ісігі бар 2 науқасқа оперативті ем көрсетілді. Бірінші науқас: оң жақтық NI-VAТS, жоғарғы (S2), төменгң (S6, S9) бөліктердің резекция, лимфодиссекция, екінші науқас: оң жақты NI-VAТS, төменгі бөліктің лобэктомия, лимфодиссекция. Гистологилық зерттеудің нәтижесі бойынша өкпенің қатерлі ісігі ерте сатыда анықталды. Операциядан соңғы химиясәулелі терапия көрсеткіш жоқ. Науқастар III клиникалық топ бойынша диспансерлік бақылауға алынды.
Қорытынды: Әдеби деректер мен алдын ала нәтижелеріне арналған деректер көрсеткендей, NI-VATS өкпенің қатерлі ісігін хирургиялық емдеуде хирургиялық араласулар орын алады және ҚР онкоторакальды бөлімшелерінде клиникалық практикаға кеңінен енгізілуі тиіс.