Қазақстан Республикасында ROS1 тестілеуін енгізу арқылы ұсақ жасушалы емес өкпенің қатерлі ісігі бар науқастарды молекулалық-генетикалық диагностикалау әдістерін оңтайландыру
Кілт сөздер:
ROS1 молекулалық-генетикалық диагностикасы, иммуногистохимия (ИГХ), кері транскриптазалық полимеразды тізбекті реакция (КТ-ПТР), in situ флуоресцентті будандастыру (FISH), өкпенің қатерлі ісігі, ұсақ жасушалы емес өкпенің қатерлі ісігі (ҰЖЕӨҚІ)Аңдатпа
Өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда ұсақ жасушалы емес өкпенің қатерлі ісігінің (ҰЖЕӨҚІ) молекулярлық диагностикасы EGFR, ALK-дағы драйверлік мутациялардың мәртебесін және PD-L1 мәртебесін, бірақ та ROS1 емес, анықтауды қамтиды, ол осы
драйверлік мутацияға оң нәтиже берген пациенттердің өмірлік маңызды терапияны алу мүмкіндігін шектейді.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасында ROS1 тестілеуін енгізу арқылы ҰЖЕӨҚІ бар науқастардың молекулалық-генетикалық диагностикасының әдістерін оңтайландыру.
Әдістері: ҰЖЕӨҚІ бар науқастардың 10% буферленген формалинге салынған биопсиялық және операциялық материалы зерттелді. Аденокарциноманың бастапқы патологиялық диагностикасынан кейін, EGFR және ALK мутациясының күйін анықтағаннан кейін, EGFR және ALK теріс мәртебесі бар ісік үлгілері ROS1 мутациясының мәртебесін әрі қарай анықтау үшін жіберілді. Определение статуса мутации ROS1 мутациясының мәртебесін анықтау екі әдіспен жүргізілді: Бірінші әдіс – Ventana BenchMark Ultra платформасында ROS1 антиденесін (SP283) және OptiView DAB Detection Kit визуализация жүйесін пайдалана отырып, иммуногистохимиялық талдау (ИГХ). ИГХ нәтижелері бойынша оң және күмәнді нәтижелері бар үлгілер ROS1 мутациясының мәртебесін растау сияқты екінші әдіс үшін кері транскриптазасы бар полимеразды тізбекті реакцияға (КТ-ПТР) жіберілді.
Нәтижелері: 01.01.2022 бастап 30.09.2022 дейін ИГХ әдісімен EGFR-теріс және ALK-теріс өкпе аденокарциномасы бар науқастардан алынған жалпы 99 ісік үлгілері зерттелді. ИГХ-бояу нәтижелері былайша бағаланды: 0 (теріс) – 59 үлгі, 1+ (теріс) – 25 үлгі, 2+ (күмәнді) – 12 үлгі, 3+ (оң) – 3 үлгі. ≥70% иммундық бояуы бар жағдайлар оң деп саналды. 2+ (күмәнді), 3+ (оң) және 1+ бірнеше үлгілері ИГХ бояуын бағалауы бар үлгілер ПТР-тестілеумен растауға жіберілді.
КТ-ПТР бойынша барлығы 22 үлгі тексерілді, нәтижесі келесідей бағаланды: 1 (4%) – оң, 13 (59%) – теріс, 8 (37%) – сәйкес емес.
Қорытынды: ИГХ арқылы ROS1 мутациясының мәртебесін анықтау көптеген оң және күмәнді нәтижелерге әкелді, ал кейінгі КT-ПТР тестілеуі кезінде сәйкес емес нәтижелердің үлкен бөлігі орын алды. Әрі қарай елдік деңгейде талдау жүргізу үшін ROS1 анықтау әдісін таңдаған кезде, енгізілетін әдістердің экономикалық шығындық құрамын бағалау керек, сондай-ақ FISH стандартты валидацияланған әдістемемен салыстыру қажет.