Қуық асты безінің қатерлі ісігін диагностикалаудағы DWI-дың мүмкіндіктері

Авторлар

  • К.Е. Каракойшин КазНМУ имени С.Д. Асфендиярова
  • Ж.Ж. Жолдыбай
  • А.С. Айнакулова
  • Д.К. Толешбаев
  • Г.М. Мұхит
  • Е. Айсербай

Кілт сөздер:

мультипараметрлік магнитті-резонанстық томография, трансректалды ультрадыбыстық зерттеу, диффузиялық өлшенген бейнелеу (DWI)

Аңдатпа

Өзектілігі: Қуық асты безінің қатерлі ісігі бүкіл әлем бойынша ерлер арасындағы қатерлі ісік өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. УДЗ жетекшілігімен қуық асты безінің трансректалды биопсиясы диагностикалық маңызды қадам болып табылады, онсыз соңғы диагнозды қою мүмкін емес. Осыған қарамастан, УДЗ басқаратын қуық асты безінің биопсиясы жоғары жалған-теріс көрсеткішке ие және жиі әртүрлі клиникалық асқынулармен байланысты. Көппараметрлі МРТ қазіргі уақытта күнделікті урологиялық және онкологиялық тәжірибеде белсенді түрде қолданылады. Көппараметрлі МРТ элементтерінің бірі простата безінің клиникалық маңызды обырын анықтауда және локализациялауда сәтті қолданылған диффузиялық өлшенген бейнелеу (DWI) болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – қуық асты безінің қатерлі ісігін диагностикалауда DWI мүмкіндіктерін бағалау.
Әдістері: 48-86 жас аралығындағы қуық асты безінің обырына күдікті 52 пациентке көппараметрлік МРТ, соның ішінде DWI
жүргізілді. Алынған T2WI, DWI реттілігі бір-бірімен және қуық асты безінің анатомиялық құрылымына сәйкес салыстырылды. Қуық
асты безінің қатерлі ісігінің күдікті жерлері қызығушылық аймақтары ретінде (ROI) белгіленді, олар үшін өлшенетін диффузия коэффициенті (ADC) есептелді. Қуық асты безінің қатерлі ісігінің болуы немесе болмауы ультрадыбыстық бақылаудағы 12 нүктелі трансректалды биопсияның көмегімен расталды.
Нәтижелері: сандық өлшемдерді талдау кезінде, қалыпты тінмен салыстырғанда, ADC орталық бездегі қатерлі ісік (өтпелі аймақ
және орталық аймақ) үшін төмен мәндерді көрсетті – 0,610±0,157×10-3 мм2/с, p=0,0001 және перифериялық аймақтағы ісік үшін – 0,651±0,228×10-3 мм2/с, p=0.0004. Сезімталдықтың ең жоғары мәні (87,5%) ADC орталық без үшін, ал төменгі мән ADC перифериялық аймақ үшін 75% болатыны анықталды. Ең жоғары ерекшелік мәні (90,9%) ADC перифериялық аймақ, ал төменгі мән ADC орталық без – 84,1% болды.
Қорытынды: DWI – қуық асты безінің қатерлі ісігін анықтау, локализациялау, қуық асты безінің қатерлі ісігінің сапалық (визуалды) және сандық бағалауын қамтамасыз ететін пайдалы инвазивті емес әдіс.

Жүктеулер

Жарияланды

08.07.2023