Онкологиялық балалардағы ауыр жағдайлардың ерте алдын алудың педиатриялық белгілері жүйесін қолданудың халықаралық тәжірибесі: әдебиетке шолу

Авторлар

  • Е.Б. Куракбаев КМУ "ВШОЗ"
  • Б.С. Турдалиева
  • Л.Н. Манжуова
  • К.О. Омарова
  • Г.К. Абдилова
  • А.З. Кусаинов
  • С.С. Сапарбаев
  • В.В. Щукин

Кілт сөздер:

онкология, гематология, PEWS, клиникалық нашарлау, балалар

Аңдатпа

Өзектілігі: Онкологиялық аурулар ісік балалар өлімінің басты себебі болып қала береді, нәтижесінде қарқынды терапия жүргізу қажеттілігі артуда. Онкологиялық аурулармен ауыратын ауруханаға жатқызылған балалар негізгі ауру бойынша да, жұқпалы асқынуларға және дәрілік препараттардың уытты әсеріне байланысты да жағдайдың кенеттен нашарлауы бойынша жоғары тәуекел
тобына жатады. Бұл шолуда клиникалық нашарлауды уақтылы анықтау мақсатында онкологиялық науқастарда ерте ескертудің
педиатриялық белгілері (Pediatric Early Warning Signs, PEWS) жүйесі туралы мәліметтер қамтылған.
Зерттеудің мақсаты – балалар онкологиясындағы клиникалық нашарлаудың ерте алдын алудың педиатриялық белгілері жүйесін қолдану туралы өзекті әдеби деректерге шолу.
Әдістері: онкологиялық балаларда PEWS жүйесін қолдану бойынша интернет-ресурстарда жарияланған зерттеулерге шолу жасалды.
Нәтижелерi: жарияланған деректер бойынша онкологиялық науқастарда PEWS жүйесін қолдану маңызды рөл көрсетеді, ол клиникалық жағдайдың нашарлауын ерте анықтау үшін және уақытылы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажет.
Қорытынды: Халықаралық тәжірибеге жүргізілген талдау көрсеткендей онкологиялық аурулары бар балаларда PEWS жүйесін қолдану халықаралық тәжірибеде клиникалық нашарлау белгілерін ерте танудың тиімді әдісін ұсынады, бұл өз кезегінде кешенді қарқынды
терапияны уақтылы қосуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

08.07.2023