COVID-19 пандемия жағдайындағы жеделдетілген жоғарытехнологиялық сәулелік терапия

Авторлар

  • Е.И. Ишкинин Алматинский онкологический центр, зав.отделением лучевой терапии, к.м.н.
  • Р.Б. Раймбеков
  • К.Д. Датбаев
  • А.А. Гончарова
  • Р.У. Ахунова
  • А.К. Омарова
  • С.О. Осикбаева
  • Ф.А. Хожамқұл
  • О.К. Сеитов
  • Ж.Т. Худайбергенов
  • Н.А. Омарбаева

Кілт сөздер:

сәулелік терапия, пандемия, COVID–19, онкология, вакцинация

Аңдатпа

Өзектілігі: Қазіргі уақытта вакцинация мәртебесі мен көлеміне және онкологиялық науқастарды СOVID-19-ға қарсы вакцинациямен қамтуға байланысты СOVID-19-дың онкологиялық аурудың ағымына әсері туралы деректер пайда болды.
Зерттеудің мақсаты – СOVID-19-ға қарысы егілген екпенің мәртебесі мен көлеміне байланысты онкологиялық процестің ағымына жеделдетілген жоғары технологиялық сәулелік терапияның әсер етуін бағалау.
Әдістері: Бұл сандық және сапалық перспективті рандомизацияланған бақыланатын ғылыми зерттеу «COVID-19 пандемиясы жағдайында онкологиялық науқастарды басқаруға инновациялық көзқарас» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды, тіркеу нөмірі AP13068657. Зерттеуге мультидисциплинарлық топтың шешімімен РТ курсы тағайындалған 114 онкологиялық науқастар және 107 онкологиялық науқастардың бақылау тобы қатысты.
Нәтижелерi: жалпы зерттеуге қатысқан 221 пациенттің 54-де (24,4%), яғни стандартты сәулелік терапия тобындағы 24 пациент-те (22,4%) және эксперименттік сәулелік терапия тобындағы 30 пациентте (26,3%) ғана COVID-19 анықталды. Зерттеуге қатысқан 221 пациенттің 49-на (22,2%) ғана екпе егілді. Бұл ретте COVID-19 сырқаты екпе егілгеннен кейін 2 ай өткен соң эксперименттік терапия (1,5%) тобындағы сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын тек 1 пациентте ғана анықталды. Және қуық асты безінің қатерлі ісігімен ауыра-тын 2 пациентте екпе егілгеннен кейін шамамен 4 айдан кейін COVID-19 анықталды. Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын стандартты терапия тобындағы пациенттердің рецедивсіз өмір сүруі 59 (85,5%) болса, эксперименттік терапия тобындағы пациенттерде рецедивсіз өмір сүру 58 (85,3%)-ды құрады. Сүт безі обыры пациенттерінің жалпы өмір сүру деңгейі стандартты терапия тобында 69 (100,0%) және эксперименттік терапия тобында 68 (97,0%). Қуықасты безі қатерлі ісігі пациенттерінің рецидивсіз өмір сүруі стандартты те-рапия тобында 32-де (84,2%) және эксперименттік терапия тобында 41-де (89,1%) пациентте байқалды. Қуық асты безінің қатерлі ісігі науқастарының жалпы өмір сүру деңгейі стандартты терапия тобында 34 (89,5%) және эксперименттік терапия тобында 45 (97,8%) құрайды. Өлім-жітім жағдайлары COVID-19-бен байланысты емес. Жеделдетілген жоғары технологиялық сәулелік терапиямен Сүт безі қатерлі ісігін емдеудің орташа ұзақтығы 12,9 күн, ал қуықасты безінің қатерлі ісігін емдеудің ұзақтығы 18,2 күнге аз болады. 

Қорытынды: Қазақстанда COVID-19-бен 23020 онкологиялық науқас ауырды, оның ішінде 2020-2021 жылдары 1097 (4,8%) па-циент қайтыс болды. Жеделдетілген жоғары технологиялық сәулелік терапияны қолдану COVID-19 пандемиясы жағдайында негізделген. Екпе егу онкологиялық науқастарда COVID-19 дамуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

20.04.2023