Сүт безі қатерлі ісігінде неоадъювантты химиотерапияның тиімділігін бағалау

Авторлар

  • Ә.Т. Омар НАО "Медицинский университет Караганды"
  • Н.А. Кабилдина
  • Е.В. Крук
  • А.М. Тельманов
  • Ж.К. Кабилдин

Кілт сөздер:

сүт безі қатерлі ісігі, неоадъювантты химиотерапия

Аңдатпа

Өзектілігі: сүт безі қатерлі ісігі (СБҚІ) – әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісік. Жергілікті таралған СБҚ ісігін заманауи емі көпсалалы, оның бірі – жергілікті яғни хирургиялық және сәулелік терапияны қолдану арқылы болса, екіншісі дәрі-дәрмектердің кең спектрін қамтитын жүйелі ем. Жүйелік терапияның маңыздылығы бүкіл денеге таралу әлеуеті бар микрометастаздарды бақылауға негізделген рецидивсіз өмір сүруді жақсарту болып табылады. Жүйелік терапия адъювантты терапия мен неоадъювантты терапияны қамтиды. Гормондық терапия, химиотерапия және таргетті терапия жүйелік терапия ретінде қолданылады, оларды жекелей немесе басқа әдістермен бірге тағайындауға болады. СБҚІ тиімді емдеу үшін биологиялық маркерлердің экспрессиясына сәйкес ісіктерді кіші түрлерге жіктеу қолданылады. Эстроген рецепторының (ER), прогестерон рецепторының (PR), адамның эпидермиялық өсу факторы рецепторының 2 (HER2) экспрессиясының болуы және Ki67 индексін анықтау арқылы ісік жасушаларының бөліну жылдамдығы анықталады. Неоадъювантты химиотерапияның (НХТ) жергілікті дамыған және сүт безі қатерлі ісігінің оталық емес түрінде клиникалық маңызы бар екені белгілі. НХТ ағзаны сақтау операцияларының жиілігін арттырады, сонымен қатар ісіктің толық патоморфологиялық регрессиясына (pCR) жеткенде жалпы өмір сүруді арттырады.
Зерттеудің мақсаты – сүт безі қатерлі ісігінің неоадъювантты химиотерапиясының тиімділігі мен орындылығы туралы бұрын жарияланған басылымдарға әдеби шолу жасау.
Әдістері: ғылыми жарияланымдарды іздеу және талдау web of Science, Pubmed, Scopus дерекқорларында 10 жыл, яғни 2013 жылдан бастап жүргізілді. Іздеу нәтижесінде 3000-ға жуық мақала қамтылды, сәйкес іріктеу кезінде қосу және алып тастау критерийі 39 дереккөз қалдырылды.
Нәтижелері: Сүт безі обыры бар науқастарда әртүрлі иммунофенотиптерге байланысты НХТ қолдану тиімділігі анықталды. Ісік реакциясы RECIST критерийлері бойынша бағаланды. Патологиялық толық жауап сүт безі қатерлі ісігінің агрессивті түрлерінде, яғни HER2 оң және үштік негативті қатерлі ісігінде жиі байқалатыны анықталды. pCR мен ұзақ мерзімді нәтижелер, оның ішінде жалпы өміршендік пен асқынусыз өміршенділік арасындағы байланыс бар екені расталды.
Қорытынды: Неоадъювантты химиотерапия - бұл сүт безі обырын жүйелі емдеу. Оның негізгі мақсаты ісік мөлшерін азайтып, зақымдалған ағзаны сақтайтын операцияны орындау мүмкіндігі, сондай-ақ жалпы және асқынусыз өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. НХТ артықшылығы- емнің in vivo тиімділігін бағалау және сәйкесінше ісіктің емге жауабы болмаған жағдайда, емдеудің балама режимдерін қолдану.

Жүктеулер

Жарияланды

08.07.2023