Гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялаудан кейін жедел миелобластикалық лейкемиямен ауыратын егде жастағы науқастың бүйрек қызметін бағалау: клиникалық жағдай

Авторлар

  • А.О. Мурзахметова «Астана медицина университеті» КЕАҚ
  • А.М. Мейрамова
  • А.А. Исильбаева
  • Б.Б. Абдахина
  • Е.Т. Омралина
  • Б.А. Айнабекова

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2023-1-67-46-49

Кілт сөздер:

гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау, сүйек кемігін трансплантациялау, жедел миелобластикалық лейкемия, бүйрек жеткіліксіздігі, клиникалық жағдай, шумақтық сүзілу жылдамдығы, асқынулар, егде жастағы науқастар

Аңдатпа

Өзектілігі: жедел миелобластикалық лейкозды емдеудегі бүйрек қызметі, әсіресе егде жастағы науқастарда ауыр әсерге ұшырайды. Егде жастағы пациенттерді бірқатар химиотерапиялық препараттарды қолдана отырып, ГДЖТ-ге дайындау сөзсіз бүйрек функция-сына улы әсер етеді, сонымен қатар бүйректегі инволюциялық өзгерістер бүйрек қызметін физиологиялық тұрғыдан төмендетуі мүмкін.
Зерттеудің мақсаты – ГДЖТ-тен кейінгі жедел миелобластикалық лейкемиямен ауыратын егде жастағы науқастың бүйрек қызметін бағалау болды.
Әдістері: біз аллогенді ГДЖТ жүргізілген жедел миелобластикалық лейкемиямен ауыратын егде жастағы науқастың клиникалық жағдайын ұсындық.
Нәтижелерi: біз егде жастағы науқастың жедел миелобластикалық лейкемия тіркелген сәттен бастап ГДЖТ-ден кейін +100 күнге дейінгі функционалдық жағдайының динамикасын талдадық. Бақылау кезеңінде біз егде жастағы науқаста бүйрек ауруларын анықтаған жоқпыз. Егде жастағы науқаста ГДЖТ және нефротоксикалық препараттардың әсеріне қарамастан, ГДЖТ кейін + 100 күн, бүйрек қызметі сақталды.
Қорытынды: бұл жағдай егде жастағы емделушілерде ГДЖТ-дан кейін бүйрек қызметін сақтаудың және бүйрек қызметін ұзақ уақыт бақылаудың маңыздылығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

20.04.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мурзахметова, А. ., Мейрамова, А., Исильбаева, А., Абдахина, Б., Омралина, Е., & Айнабекова, Б. . (2023). Гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялаудан кейін жедел миелобластикалық лейкемиямен ауыратын егде жастағы науқастың бүйрек қызметін бағалау: клиникалық жағдай. Қазақстан Онкология Және Радиологиясы, 1(67), 46-49. https://doi.org/10.52532/2521-6414-2023-1-67-46-49