Қазақстанда қатерлі ісіктері бар науқастарда COVID-19 кеселінің таралуы
Кілт сөздер:
COVID-19-бен ауырған емделушілер, КВИ, қатерлі ісіктер (ҚІ), онкологиялық науқастар, өлім-жітім қаупіАңдатпа
Өзектілігі: COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясы 2019 жылдан бастап бүкіл әлемге тез таралып, көптеген елдердің денсаулық сақтау жүйелеріне әсер етті. Жақында жүргізілген зерттеулер қатерлі аурудың болуы COVID-19-ға сезімталдықты арттыратынын және COVID-19-бен ауырған емделушілерде клиникалық нәтижелердің нашарлауы қаупінің факторы екенін көрсетті. Сондай-ақ, қатерлі аурулары бар науқастарда COVID-19-дың болуы аурудың өршу қаупін арттырады.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда қатерлі ісігі бар науқастарда COVID-19-дың таралуын зерттеу.
Әдістер: Әдебиетке шолу жасау үшін 2019 жылдан бастап ашық қолжетімділіктегі және ғылыми жарияланымдардың PubMed, Cochrane, Google Scholar, e-Library дерекқорларында индекстелген мақалаларға, «обыр», «қатерлі ісіктер (ҚІ)», «COVID-19», «онкологиялық науқастар», «өлім қаупі» кілт сөздері бойынша талдау жүргізілді. Қазақстан Республикасының ресми статистикасының, медициналық ақпараттық жүйелерінің (ОНЭТ, СНЭТ) және ресми мерзімді басылымдарының Қазақстандағы 2020-2021 ж.ж. қатерлі аурулардан және 2020-2022 ж.ж. СOVID-19-дан сырқаттанушылық пен өлім-жітім бойынша деректері зерттелді.
Нәтижелері: 2020-2021 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасында ҚІА-мен сырқаттанушылық көрсеткіштері Солтүстік
Қазақстан (1,79-1,87%), Павлодар (1,57-1,63%), Қарағанды (1,54-1,53%) және Қостанай (1,53%) облыстарында ең жоғары болды. Ең төменгі көрсеткіштер Түркістан (0,42-0,41%), Қызылорда (0,59%), Маңғыстау (0,62%) облыстарында және Шымкент қаласында (0,60%) байқалды. 2020 жылы ҚР-да ҚІ-ден болатын өлім-жітім Түркістан (11,1%), Қызылорда (10,2%) және Жамбыл облыстарында (10,02%), ал 2021 жылы Атырау (25,4%), Түркістан (10,68%) және Батыс Қазақстан (10,30%) облыстарында ең жоғары болды. Онкологиялық ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған COVID-19 науқастарынан болатын өлім - жітім 2020 жылы ең жоғары болды. 2020 жылы онкологиялық ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған науқастардың COVID-19-дан болатын өлім-жітімі көрсеткіші Астана қаласында (1,06%), Қызылорда (0,46%) және Түркістан (0,33%) облыстарында және 2021 жылы Шымкент қаласында (1,05%), Астана қаласында (1,00%), Атырау (0,93%), Батыс Қазақстан (0,94%) облыстарында жоғары болды.
Қорытынды: Осылайша, онкологиялық науқастар арасында COVID-19 таралуы және пандемия кезінде олардың өлімінің артуы, оның ішінде өлімнің негізгі себебі онкологиялық процесс емес, вирустық инфекцияның салдары болған жағдайларда, статистикалық есепке алу ережелеріне түзетулер енгізу онкологиялық науқастардың аурушаңдық пен өлім-жітім, онкологиялық науқастарды диагностикалау және емдеу алгоритмдері мен хаттамалары.