Онкологиялық науқастарда анестезия кезінде эндотрахеальді түтік манжетінің қысымын бақылау
Кілт сөздер:
эндотрахеальді түтік, манжетінің қысымын бақылау, микроаспирация, трахея интубациясы, өкпені жасанды желдетуАңдатпа
Өзектілігі: Эндотрахеальды түтік (ЭТТ) екі негізгі функция орындайды: қымтаулықты қамтамасыз етеді және төменгі тыныс алу жолдарды ауыз жұтқыншақтан шыққан ластанған бөліністердің аспирациясынан қорғайды. Калыпты жағдайда эндотрахеальды
түтікше манжетасының ішіндегі кысым 20 до 30 см су бағанын құрайды. ЭТТ манжетасын шамадан тыс немесе жеткіліксіз үрлеу әр-түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін.
Зерттеудің мақсаты: Онкологиялық науқастарда анестезия кезінде эндотрахеальды түтік манжетіндегі қысымды бақылаудың
аппараттық әдістері мен пальпациялық әдісті салыстыру.
Материалдар мен әдістер: «ҚазҰҒЗИ» АҚ анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жалпы анестезия
кезіндегі проспективті бақылау 60 науқасты қамтыды. Шприцтің көмегімен ETT манжетіне ауа енгізіліп, содан кейін ETT манжетінің
баллонын пальпациялау және IntelliCuff құрылғысы (Hamilton Medical, Швейцария) арқылы қысымды бақылау жүргізілді. Нақты қысым қалыпты мәндермен салыстырылып, содан кейін қалыпты қысымға жету үшін нақты және қажетті ауа көлемі бағаланды.
Нәтижелері: қысым деңгейін «классикалық» пальпациялау әдісімен бағалау 50% жоғары жағдайда қателіктерге әкелді, қалыпты қысым
деңгейі тек 25 (42%) науқаста анықталды, манжетаның ішіндегі өлшенген ауа көлемі орташа 5,9±1,9мл құрады, бірақ 25 мм су бағанына сәйкес қысымға жету үшін үрленетін ауа көлемі 3,9 мл құрады, нәтижесінде ЭТТ манжетасының ішіндегі қысым деңгейі шамадан тыс болды.
Қорытынды: Бақылау баллонын пальпациялау арқылы ЭTT манжетінің қысымын анықтау әдеттегі тәжірибе болғанымен, жиі қысымның дұрыс емес көрсеткіштеріне әкеледі. Сонымен бірге ЭТТ манжетіндегі жоғары қысым да, төмен қысым да көптеген асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. ЭTT манжетіндегі қысымды өлшеуге арналған құрылғыларды пайдалану қысым деңгейін бақылауға мүмкіндік береді, ал ЭTT манжетіндегі қысымды ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндік беретін құрылғылардың артықшылығы дәлелденді.