Қазақстандағы бүйрек обыры кезіндегі онкологиялық көмек көрсеткіштерінің өзгерістерін бағалау
Кілт сөздер:
бүйрек қатерлі ісігі, сырқаттанушылық, өлім-жітім, ерте диагностика, қараусыздық, морфологиялық верификацияАңдатпа
Өзектілігі: Бүкіл әлемде бүйрек қатерлі ісігі (БҚІ) ерлерде жиі диагноз қойылған қатерлі ісіктердің алтыншы, ал әйелдерде 10-шы
орында, сәйкесінше барлық қатерлі ісік диагноздарының 5% және 3% құрайды. 2020 жылы Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігінің мәліметтері бойынша әлемде БҚІ 431 288 жаңа жағдай және 179 368 өлім тіркелді, ал 2040 жылға қарай бүйрек қатерлі ісігінің жаңа жағдайлары 40,4%-ға (605 726 жағдай), ал осы патологиядан қайтыс болғандар саны 59,4%-ға (285 906 өлім) өседі деп болжануда.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстандағы онкологиялық көмектің 2010-2019 жылдардағы қызметін бағалау үшін бүйрек обыры бойынша кейбір көрсеткіштерді (сырқаттанушылық, өлім-жітім, ерте диагностика, қараусыздық, морфологиялық верификация) талдау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу материалы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010-2019 жылдардағы БҚІ
(АХЖ 10 – С64) қатысты № 7 және 35 жылдық нысандары – сырқаттанушылық, өлім – жітім, ерте диагностика, қараусыздық, морфологиялық верификация деректері болды. Негізгі әдіс ретінде биомедициналық статистиканың сипаттамалық және аналитикалық әдістерін қолдана отырып, ретроспективті зерттеу қолданылды.
Нәтижелер: 2010-2019 жылдары республикада БҚІ-нің 10 966 жаңа жағдайы және осы патологиядан 3 866 өлім тіркелді. БҚІ-нен сырқаттанушылық 5,9±0,2%⁰⁰⁰ (2010 ж.)-ден 6,7±0,2%⁰⁰⁰-ге дейін 2019 жылы өсті (р=0,000). Динамикада БҚІ-нен болатын өлім-жітім көрсеткіші 2,6±0,1%⁰⁰⁰ (2010 ж.)-дан 2019 жылы 1,8±0,1%⁰⁰⁰-ға дейін (р=0,000) төмендеу үрдісіне ие болды. Зерттеу кезінде мынадай үрдіс анықталады: ерте диагностика көрсеткіштері (І-ІІ кезеңдегі науқастардың үлес салмағы) 50,7%-дан (2010 ж.) 2019 жылы 69,1%-ға дейін жақсарды және тиісінше асқынған III саты (31,2%-дан 14,6%-ға дейін) және IV сатыдағы (18,1%-дан 16,0%-ға дейін) науқастардың үлес салмағының көрсеткіштері айтарлықтай азайды. ТІҚІ кезінде морфологиялық верификация көрсеткіштері тиісінше 2010 жылдан 2019 жылға дейін 34,2%-ға, атап айтқанда 85,2%-дан 95,2%-ға дейін жақсарды.
Қорытынды: Бүйрек қатерлі ісігінің көбеюі тиімді алдын алу шаралары мен скринингтік бағдарламаларды әзірлеу үшін қауіп факторларымен себеп-салдарлық байланыстарды одан әрі зерттеуді талап етедi.