Радиацияның алшақтатылған салдары: әдебиетке шолу
Кілт сөздер:
иондаушы сәулелеу, алшақтатылған әсерлер, ұрпақ, морфофункционалды бұзылымдарАңдатпа
Өзектілігі: Төмен дозалы әртүрлі сәулеленудің әсерінен зардап шеккендер ұрпақтарының радиацияның иммундық жүйесіне ықпалы күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпайды. Ғылыми әдебиеттерде ұзақ мерзімді салдарға байланысты бірқатар мәселелер, атап айтқанда, сәулеленгендер ұрпағының ағзаларындағы морфофункционалдық бұзылымдар тиісті шешімге келген жоқ.
Зерттеудің мақсаты – сәулелену әсеріне ұшырағандар ұрпағының иммундық қабілетті ағзаларындағы морфофункционалдық өзгерістерімен жүзеге асатын радиацияның алшақтатылған салдарын аңғару бойынша әдебиеттерге шолуды талдау арқылы осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеудің тиімділігін растау.
Әдістері: Шолу PubMed, Medline, eLibrary, CyberLeninka мәліметтер базасында индекстелген жарияланымдарды қамтыған. Іздеу Google Scholar ғылыми іздеу жүйесі арқылы жүргізілген. Шолуды бастамас бұрын келесі іздеу фильтрлері жүзеге асырылған: соңғы 8 жыл ішінде өткізілген тәжірибелік зерттеулер (2015-2023 жж.).
Нәтижелері: Іздестіру нәтижесінде сәулеленгендердің ұрпағы организмінің иммундық қабілетті ағзаларындағы алмасулық үдерістер мен гистоморфологиялық құбылыстарды зерттеуге арналған басылымдардың жеткіліксіз саны анықталған. Радиацияның салдарынан иммундық жүйе ағзаларының биохимиялық пен патогистологиялық өзгерістері туралы жарияланымдар санының жеткіліксіздігі осы тақырыпты одан әрі тереңірек зерттеуді талап етеді.
Қорытынды: Радиобиологтар мен онкологтар міндеттерінің бірі – келешекте морфологиялық диагностика нышандарын құрастыру мақсатында сәулелеу әсеріне ұшырағандар ұрпақтарындағы ағзалардың морфофункционалдық бұзылыстарын зерттеу болып қала береді.