Қазақстан Республикасындағы өкпенің қатерліісігімен ауыратын науқастардың өмір сүру көрсеткіші нәтижелерін болжамдау моделін құрастырудағы машинамен оөытудың рөлі
Кілт сөздер:
өкпенің қатерлі ісігі, болжамды маңыздылығы, машиналық оқыту, қайталанулар, жалпы өмір сүру көрсеткішіАңдатпа
Өзектілігі: Ia сатысындағы өкпенің қатерлі ісігінің 5 жылдық жалпы өмір сүру деңгейі 73% құрайды, ал радикалды емделген па-
циенттерде рецидив жиілігі шамамен 10% құрайды.
Зерттеу мақсаты – бірқатар клиникалық және морфологиялық факторлардың болжамды маңыздылығы мен өкпе қатерлі ісігі бар науқастардың жалпы өмір сүру нәтижелерін болжау үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану мүмкіншілігін бағалау.
Әдістерi: 030-6/у с34 – өкпе обыры (n=19379) нысандарына 2014-2018 жж. ОНЭР деректер базасынан талдау жүргізілді, Каплан-Мейер әдісі бойынша жалпы өмір сүруге қауіп факторларының әсерін бағалау жүргізілді. Тиісінше, болжау модельдерін құруға арналған оқыту жиынтығы 19379 бақылау мен 15 факторды қамтиды. Жұмыста қолданылатын Машиналық оқыту алгоритмдері (Random Forest Classifier, Gradient Boosting Classifier, Logistic Regression Model, Decision Tree Classifier, K Nearest Neighbors (KNN) Classifier) Python бағдарламалау тілінде іске асырылған. Нәтижелер қате матрицаны құру, жіктеу өлшемдерін есептеу арқылы бағаланды: оқыту және тексеру (validation), дәлдік (precision), толықтық (recall), Каппа-Коэн кезінде дұрыс жіктелген объектілердің үлесі (accuracy).
Нәтижелері: Біздің зерттеуімізде 19 379 науқас талданды, оның ішінде 15 494 ер адам (79,95%) және 3 885 әйел (20,04%). Зерттеу барысында қазіргі күні ерлер арасында 6 171 науқас (39,8%) тірі екендігі анықталды, бұл ретте өмір сүру медианасы 8,3 айды құрады (SE – 0,154 ай, 95% ДИ – 7,96-8,56). Әйелдер арасында 1 962 науқас (49,5%) тірі, бұл ретте өмір сүру медианасы 15,43 айды құрады (SE – 1,0 ай, 95% ДИ – 13,497-17,363). 1 037 пациентте (5,35%) аурудың I сатысында және 4 145 (21,38%) II сатысында анықталды. ӨҰЖЕҚІ науқастардың көпшілігінде (61,4%) кең таралған сатыда диагноз қойылған: 9 189 адамда (47,4%) – III сатыда, 4 655-те (24%) – IV сатыда. Өмір сүру медианасындағы айырмашылықтардың дұрыстығын бағалау (χ2=3991,6, р=0,00) ісік процесінің болжамды маңыздылығын және науқастардың өмір сүруіне әсерін көрсетеді. Сондай-ақ, өкпе қатерлі ісігінің әртүрлі морфологиялық формалары бар науқастар арасында өмір сүру медианасындағы айтарлықтай айырмашылық морфологиялық фактордың болжамды маңыздылығы туралы айтуға мүмкіндік береді (статистикалық тұрғыдан алғанда, бұл көрсеткіштер арасындағы айырмашылық сенімді болды, χ2=623,4 р=0,000).
Қорытынды: Машиналық оқыту модельдері хирургиялық емдеуден кейін де, ОНЭР дерекқорына тіркелгеннен кейін де науқастардың өлім қаупін болжауға мүмкіндік береді. Науқасқа бағдарланған медициналық шешімдер қабылдауды қолдау жүйесін құру адъювантты терапияның, диспансерлік бақылаудың және диагностикалық зерттеулер жиілігінің оңтайлы стратегияларын таңдауға мүмкіндік береді.