Бүйрек ісіктері кезіндегі операция к^лемін алдын ала анықтау үшін компьютерлік томографияның мүмкіндіктері

Авторлар

  • Кайрат Шакеев Онкоцентр

Кілт сөздер:

бүрек ісіктері, компьютерлік томография, нефрэктомия, бүйрек резекциясы.

Аңдатпа

Өзектілігі: компьютерлік томография көмегімен кішкентай мөл-шердегі бүйректің ісіктерін анықтауға болады, бірақ емдеудің хирур-гиялық тактикасын әрдайым алдын-ала анықтау мүмкін емес.
Мақсаты: бүйрек ісіктері үшін хирургиялық араласу көлемін анықтау үшін компьютерлік томография арқылы операция алдын-дағы диагноздың мүмкіндіктерін бағалау.
Нәтижелері: бүйрек ісіктері бар 548 науқас емделді. Компьютер-лік томографияны пайдалана отырып, R.E.N.A.L. шкласы негізінде үш топ бөлінді: бірінші топта асқынулардың даму қаупі жоғары– 265 науқас (48,4%), орташа қауіп деңгейі – 107 (19,5%) және төмен деңгейлі қауіп – 176 (32,1%). Операциялардың барлық жоспарланған көлемі асқынулардың және бүйрек ісіктерінің резектабельділігі қау-пінің белгіленген топтарына сәйкес орындалды, бұл ретте опе-рациялық араласулар жоспарында өзгерістер болған жоқ. Бүйрек ангиоархитектоникасын және тостағанша жүйесі мен мүше па-ренхимасына қатынасын операция алдындағы бағалау, операция көлемін және 283 науқаста мүше сақтайтын араласуды және 265 науқаста радикалды нефрэктомияны орындау мүмкіндігін анық-тауға мүмкіндік берді.
Қорытынды: компьютерлік томография сияқты жоғары ақпа-раттық әдіс аурудың ерте кезеңдерінде шағын бүйрек ісіктерін анықтауға, ағзаны сақтау операциясын жасау және емдеу нәтиже-лерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жарияланды

16.02.2022