Жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының әлемде таралуы: әдебиетке шолу
Кілт сөздер:
адам папиллома вирусы (АПВ), АПВ таралуы, жатыр мойны қатерлі ісігі (ЖМҚІ)Аңдатпа
Өзектілігі: Адам папилломавирусы жыныстық қарым-қатынаста белсенді ерлер мен әйелдер арасында жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған вирустың бірі. Жатыр мойны қатерлі ісігінің дамуы мен АПВ инфекциясының арасындағы тікелей және дәлелденген байланысты ескере отырып, АПВ-ның деңгейі жоғары аудандарда алдын-алу шараларын жүргізу үшін әлемдегі АПВ эпидемиологиясы бойынша эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу қажет.
Зерттеу мақсаты – жас көрсеткіштерін ескере отырып, соңғы 10 жыл ішінде әлемде АПВ-ның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды талдау.
Әдістері: PUBMED, MEDLINE деректер базасы бойынша соңғы 10 жылдағы материалдар бойынша түйінді сөздермен әдеби шолу жүргізілді: адам папиллома вирусы, таралуы, жатыр мойны қатерлі ісігі. Әдеби шолуда рандомизацияланған зерттеулердің нәтижелері, жүйелі шолулар және мета-талдаулар бар.
Нәтижелері: АПВ-мен инфицирленген ең жоғары елдердің көрсеткіші Африка (24%), Шығыс Еуропа (21,4%) және Латын Америкасы (16,1%) елдерінде болды. Бүкіл әлемде АПВ-ның ең көп таралған түрлері: АПВ-16 (3,2%), АПВ-18 (1,4%), АПВ-52 (0,9%), АПВ-31 (0,8%) және АПВ-58 (0,7%). ҚР-да АПВ-ның таралуы толық зерттелген жоқ, тек бірнеше өңірде эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді, олар ҚР-да АПВ-ның басым типтері 16 және 18 жоғары қауіпті АПВ типтері болып табылатынын көрсетеді.
Қорытынды: Әлемдегі АПВ эпидемиологиялық жағдайын талдау нәтижелері барысында кірісі төмен және орташа елдерде АПВ-ның кең таралуын анықтады. Жас әйелдерде АПВ инфекциясының кең таралу деңгейі АПВ вакцинациялау бағдарламаларын жетілдіру және енгізу қажеттілігін көрсетеді.