Шығыс Қазақстан облысындағы 2010-2019 жылдардағы қуықасты безі обырының эпидемиологиясы
Кілт сөздер:
Қуықасты безі обыры (ҚБО), аурушаңдық, өлім-жітім, өмір сүру деңгейі, Шығыс Қазақстан облысыАңдатпа
Өзектілігі: Қазақстанда 2007-2016 жылдар аралығында қуықасты безі обырымен (ҚБО) сырқаттанушылықтың өсуі және одан болатын өлім-жітімнің төмендеуі байқалды. ҚБО ісігі аурушаңдық 70 жастан жоғары. Шығыс Қазақстан облысы ҚБО аурушаңдығы мен өлім-жітімінің жоғары көрсеткіштерімен сипатталады.
Зерттеудің мақсаты - Шығыс Қазақстан облысында 2010-2019 жылдары ҚБО эпидемиологиялық көрсеткіштерін бағалау
Әдістері: №35 нысан жылдық "Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар туралы есеп". 2010-2019 жылдар аралығында аурушаңдық, өлім, бір жылдық, бес жылдық өмір сүру, ҚБО ерте сатысында анықтау есептелді. Статистикалық маңыздылығын бағалау үшін бір факторлы сызықтық регрессия әдісі қолданылды. Қарқынды эпидемиологиялық көрсеткіштер 100 000 ер адамға есептелген.
Нәтижелері: ШҚО-да 2010-2019 жылдары аурушаңдық көрсеткіші өсу үрдісіне ие болды. ШҚО-да ҚБО болатын өлім-жітім көрсеткіші аздап өсу үрдісіне ие болды. Бұл ретте сырқаттанушылық үшін статистикалық маңызды өсу тренді байқалды (p=0,009), ал өлім көрсеткіштері үшін тренді статистикалық елеусіз болды (p=0,900). Науқастардың біржылдық өмірсіру көрсеткіш ҚБО болған кеміді. Алайда біржылдық өмір сүру көрсеткіштерінің тренді статистикалық мәнге ие болмады (p=0,202). ШҚО-да ҚБО бар пациенттердің бес жылдық өмір сүру динамикасы зерттелген кезеңде төмендеу үрдісіне ие болды. Алайда, ШҚО-да ҚБО бар пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіштерінің тренді статистикалық мәнге ие болмады (p=0,826). ҚБО ерте сатысында тұрақты көрсеткіштерге ие болды және 72,7-77,4 аралығында өзгерді, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 63,2%-ға дейін төмендеді. Анықталған ҚБО үлесі III сатыда ұлғаю үрдісіне ие болды. IV сатыдағы ҚБО үлесі зерттелетін кезеңде төмендеу үрдісіне ие болды.
Қорытынды: Зерттеу кезеңінде ШҚО-да қуық асты безінің қатерлі ісігінің эпидемиологиялық көрсеткіштері тұрақсыз болды. ҚБО аурушаңдығы ұлғаю үрдісіне ие болды, өлім көрсеткіші аз шекте ауытқыды және тұрақты сипатқа ие болды. Біржылдық өмір сүру динамикасы ҚБО төмендеді. Бес жылдық өмір сүру серпіні статистикалық тұрғыдан шамалы өсу трендіне ие болды. ІІІ сатыда ҚБО анықтаудың жоғарылауы байқалды, IV сатысында ҚБО анықтау төмендеу тенденциясына ие болды. ҚБО ерте сатысында анықтау III кезеңде анықтаудың артуына байланысты төмендеді. IV сатыдағы ҚБО үлесі зерттелетін кезеңде төмендеу үрдісіне ие болды