Онкопатологиясы бар науқастардағы метаболикалық бұзылыстар

Авторлар

  • Р.А. Арингазина НАО «Западно-Казахстанский медицинский университет» имени Марата Оспанова
  • Н.Ж. Жолдасова
  • Ж.Ж. Нургалиева
  • Б.А. Курманалин
  • И.Б. Кайбагарова

Кілт сөздер:

метаболикалық синдром, холестерол, диагностикалық белгілер, абдоминальды семіздік, қатерлі ісік

Аңдатпа

Өзектілігі: Көмірсулар, липидтер, гормондар метаболизмі бұзылуының әсері салдарынан жүйелі сипат алатын метаболизмдік өнімдердің күйреуі жиі кездеседі, және олардың ең бастысы, бірқатар патологиялардың дамуына және шиеленісуіне әкеледі. Зат алмасу бұзылыстары мен семіздіктің даму қарқынының пайыздық мөлшері Қазақстан аймағында, дүниежүзілік деректермен қатар арақатынаста барған сайын артып келе жатырғандығын аңғаруға болады.
Зерттеудің мақсаты – онкологиялық науқастарда біріктірілен метаболикалық синдром компоненті бар патологияларға клиникалық сипаттама беру.
Әдістері: Метаболикалық синдроммен (МС) біріктірілген онкологиялық патологиясы бар науқастардың саны 35 олар негізгі топты және МС диагнозы бар қатерлі ісік емес науқастар – 35 олар бақылау тобын құрады, зертеуде медициналық құжаттар деректері талданды. MС үш симптомның тіркесімі ретінде қарастырылды: семздік (іштің семіздігі), жоғары қан қысымы және жалпы холестерин мен жоғары тығыздықтағы липопротеиндердің (ХС-ТТЛ) деңгейлері. Алынған деректерді талдау және өңдеу STATISTICA 10 бағдарламасын қолдану арқылы жүзеге асырылды, маңыздылық критерийі p<0,05 болды.
Нәтижелері: Негізгі және бақылау топтарының ХС-ТТЛ деңгейі бойынша көрсеткіштерін талдау айтарлықтай статистикалық айырмашылықты көрсетті: онкологиялық науқастар үшін 3,8 ммоль/л; ал бақылау тобындағы емделушілерде 5,7 ммоль/л. Қан қысымында айтарлықтай айырмашылық анықталмады. Жас ерекшелігіне байланысты талдауда жас және орта жастағы науқастарда метаболикалық бұзылулардың болуын көрсетті: негізгі топтың орташа жасы 44,5 жасты, бақылау тобының - 42,0 жасты құрады.
Қорытынды: МС диагнозы қойылған онкологиялық және онкологиялық емес науқастар топтарындағы ХC-ТТЛ деңгейінің айтарлықтай айырмашылықтары анықталды, олар онкологиялық ауруларды диагностикалау алгоритмдерін құруда қолданылуы мүмкін: метаболикалық бүзылыстардың көрсеткіштері онкологиялық аурулардың ерте «клиникаға дейінгі» диагностикалық іздеу жолында
ықтимал көрсеткіштер.

Жүктеулер

Жарияланды

27.10.2022