Жатыр мойны обырын жоюдағы HPV вакцинациясының рөлі: әдебиетке шолу
Кілт сөздер:
жатырмойныобыры, вакцинация, адампапилломавирусыАңдатпа
Өзектілігі: Жатыр мойнының қатерлі ісігі әлеуметтік маңызды ауру болып табылады, оның дамуында адам папилломавирусы
басты рөл атқарады. Адам папилломавирусы (АПВ) жыныстық жолмен берілетін ең көп таралған вирус болып табылады, 45 жасқа дейінгі жыныстық белсенді ерлер мен әйелдердің 80%-на әсер етеді. 2017 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы (ДДСҰ) АПВ вакцинациясына қатысты өз ұстанымын жариялады. ДДСҰ барлық елдерге АПВ вакцинациясын ұлттық деңгейде енгізуді ұсынып жатыр мойны қатерлі ісігінің (ЖМҚІ) кездесу жиілігін айтарлықтай төмендететінін жариялады.
Зерттеудің мақсаты – қайталанатын гинекологиялық қатерлі ісік кезінде вагинэктомияның тиімділігін зерттеу.
Әдістері: соңғы 10 жылдағы әлемде жатыр мойнының қатерлі ісігін жоюдағы АПВ вакцинациясының рөлін зерттеу.
Нәтижелер: АПВ вакцинациясын енгізген елдерде АПВ вакцинациясының тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталды. Вакциналардың
АПВ инфекциясының таралуын болдырмаудағы тиімділігінің дәлелі болып АПВ-мен байланысты ауруларды жоюға көшетін уақыттың пайда болғанын анықтады.
Қорытынды: Жатыр мойны обыры – вакцинация арқылы алдын алуға болатын жалғыз ісік. HPV-ге қарсы вакциналарды жасау және ұлттық егу күнтізбесіне енгізу көптеген елдерге HPV таралуын азайтуға және сол арқылы жатыр мойны обырының сырқаттануын азайтуға мүмкіндік берді.