Журнал туралы

Құрметті әріптестер!

«Қазақстан онкология және радиологиясы» атты ғылыми-тәжірибелік резенциялаушы журналдың сайтына қош келдіңіздер.

Біздің басылымыздың негізгі бағыты онкология болып табылады: бұл - қызметті ұйымдастыру, эпидемиология, диагностика, емдеу және алдын алу. Журнал ғалымдар, клиницисттер, оқытушылар, докторанттар, резиденттер мен студенттер сияқты оқырмандардың кең аудиториясына бағытталған. Біз барлық мүдделі тұлғаларымен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. 

«Қазақстан онкологиясы және радиологиясы» журналының мақсаты оқырмандардың кең ауқымын онкология және радиология саласындағы фундаменталды және қолданбалы клиникалық және эксперименталды зерттеулерге арналған ғылыми жұмыстардың нәтижелері туралы ақпараттандыру және де онкологиялық қызметті ұйымдастыру, онкологиялық аурулар эпидемиологиясы, ісік ауруларының алдын-алу, ісік алды және ісік ауруларының диагностикасы, клиникалық онкология мәселелері, радиология, эксперименталды онкология және радиобиология, онкологиялық қызметтегі психоәлеуметтік көмек мәселелері, кадрларды дайындау туралы мақалаларды жариялау болып табылады. Ғылыми басылымның негізгі тақырыптық бағыты: эпидемиология, онкологиялық науқастардың диагностикасы және емі, рентгенология және радиология мәселелері.

«Қазақстан онкология және радиологиясы» атты журналы Қазақстандық және Ресейлік ғылыми дәйексөз базаларында индекстеледі және нөлдік емес импакт-факторы бар. Біздің журналымызда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауға шақырамыз.

Құрметпен, Бас редактор, Қазақ онкология және радиология ҒЗИ АҚ Басқарма Төрағасы м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі

Қайдарова Д.Р.

Kazakh Institute of Oncology and Radiology (Almaty, Kazakhstan)