Мультикритериялық тәсілді қолдана отырып, дозиметриялық жоспарлауды оңтайландыру: бас-мойын және кіші жамбастың локализациялары үшін клиникалық жоспарлардың талдауы

Авторлар

  • Т.Ж. Жантасова «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС
  • К.Д. Датбаев «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШМ

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-4-78-574

Кілт сөздер:

мультикритерийлік оңтайландыру, VMAT, дозиметрия, OARs, бас және мойын, кіші жамбас.

Аңдатпа

Өзектілігі: Бас пен мойын, сондай-ақ кіші жамбас ісіктері бар науқастарға сәулелік терапияны дозиметриялық жоспарлау анатомиялық күрделілігімен және мақсатты көлемге жақын орналасқан критикалық ағзалармен қиындайды. Бұл емдеу жоспарларының сапасын арттыру үшін заманауи оңтайландыру әдістерін қолдануды талап етеді.

Зерттеудің мақсаты – VMAT техникасын қолданған кезде мультикритерийлі оңтайландырудың (MCO) дозиметриялық жоспарлау сапасына әсерін бағалау.

Әдістері: Зерттеуге 34 пациент енгізілді: 17-інде бас және мойын ісігі, 17-інде кіші жамбас ісігі болды. Әрбір жағдай үшін екі нұсқада жоспар құрылды: мультикритериалды оңтайландыруды қолданумен және қолданбай. Жоспарлау Eclipse жүйесінде (Varian Medical Systems, АҚШ) орындалды. Салыстырмалы талдау қамту көрсеткіштері (Planning Target Volume, PTV) (D95%, D2%) және қауіп төндіретін ағзаларға (Organs at Risk, OARs) түсетін дозалық жүктеме бойынша жүргізілді.

Нәтижелері: MCO қолдану PTV-ны неғұрлым біркелкі әрі толық қамтуға, сонымен қатар критикалық құрылымдарға түсетін дозалық жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Ең үлкен оң әсер бас және мойын ісіктері бар науқастардың жоспарларында байқалды, себебі OARs-тың анатомиялық жақындығы стандартты жоспарлауды күрделендіреді.

Қорытынды: Мультикритерийлік оңтайландыру дозиметриялық жоспарлау сапасын жақсартуда тиімді құрал болып табылады, әсіресе анатомиялық орналасудың жоғары күрделілігі жағдайында, және сәулелік терапияны жоспарлауда клиникалық тәжірибеде қолдануға ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Көрген адамдардың саны: 67