Сүт безі обырымен ауыратын науқастарды оңалту іс-шараларын ұйымдастыру: әдебиетке шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-2-76-461

Кілт сөздер:

сүт безінің қатерлі ісігі , оңалту іс-шаралары , өмір сүру сапасы

Аңдатпа

Өзектілігі: Әлемде сүт безі обырымен ауыратын әйелдердің жоғары пайыз мүгедектігіне әкеп соғатын жоғары сырқаттану ерте диагностикалау мен емдеудің жаңа технологияларын дамытуды ғана емес, сондай-ақ оңалту іс-шараларын жүргізу кезінде тиімді тәсілдерді құруды да талап етеді, бұл олардың әлеуметтік-маңызды сипатын білдіреді.

Зерттеу мақсаты - әдеби деректерді талдау негізінде сүт безі обырымен ауыратын науқастарды медициналық оңалтудың ерекшеліктерін анықтау.

Әдістері:  Алға қойылған мақсатты iске асыру үшiн онкологиялық пациенттердi оңалту саласындағы қазiргi заманғы ғылыми жетiстiктерге баса назар аудара отырып, Springer Link, PubMed және Embase қоса алғанда, жетекшi электрондық дерекқорлардағы қол жетiмдi әдеби көздерге талдау жүргiзiлдi. Ғылыми жарияланымдарды іріктеу мынадай негізгі терминдер бойынша жүзеге асырылды: «сүт безінің қатерлі ісіктері», «оңалтудың медициналық стратегиялары», «онкологиялық пациенттердің өмір сүру сапасы».

Нәтижелері: Ғылыми дереккөздерді жүйелендірілген талдау РМЖ-мен емдеуден өткен пациенттерді медициналық оңалту бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыруға мультидисциплинарлық тәсілді енгізу қажеттігін растады. Науқастардың осы санаты олардың бейімделуі мен әлеуметтік жұмыс істеуіне елеулі әсер ететін көптеген физиологиялық, соматикалық және психологиялық бұзылуларға тап болатыны дәлелденді. Дене және психоэмоционалдық жағдайдағы айқын өзгерiстер көбiнесе кәсiби және әлеуметтiк рөлдердi жоғалтуға әкеп соғады, бұл кешендi оңалту стратегияларын енгiзудi талап етедi. Оңалтудың кешенді сипаты пациенттердің өмір сүру сапасын және әлеуметтік интеграциясын арттыруды қамтамасыз ете отырып, оларды жан-жақты қалпына келтіруге ықпал етеді.

Қорытынды: РМЖ-ға шалдыққан пациенттерді медициналық оңалтудың интеграцияланған бағдарламаларын қолдану пациенттердің жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және/немесе оңтайландыруға және олардың табысты әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.

Автор өмірбаяндары

  • А.А. Хожаев, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ

    профессор кафедры онкологии

  • А.Ж. Абдрахманова, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ

    д.м.н., заведующая ЦОМЖ

  • Т.Г. Гончарова, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ

    д.б.н., ученый секретарь АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии»

  • Ә.С. Қаженова, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ

    Врач онколог - маммолог

  • Н.С. Хван, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ

    Врач онколог - маммолог

Жүктеулер

Жарияланды

01.07.2025
Көрген адамдардың саны: 196