Онкологияда кешенді гериатриялық бағалауды қолдану: әдебиетке шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-415

Кілт сөздер:

қарттық астения синдромы, онкология, гериатрия, кешенді гериатриялық бағалау, қарқынды терапия

Аңдатпа

Өзектілігі: Қатерлі ісікке жаңадан шалдыққан науқастардың 60%-дан астамы 65 жастан асқандар. Бұл мақалада егде жастағы емделушілерде жан-жақты кешенді гериатриялық бағалаудың (кейін КГБ) онкологиялық ауруларды емдеу нәтижелеріне әсерін талдау ұсынылады.

Зерттеу мақсаты – КГБ, қарттық астения синдромы (кейін ҚАС) және егде жастағы науқастардағы қатерлі ісіктерді емдеу нәтижелері арасындағы байланысты талдау.

Әдістері: Соңғы 10 жылдағы осы шолу тақырыбына қатысты жарияланымдарға талдау тілдік сүзгілерді қолданбай жүргізілді.

Нәтижелері: Онкогериатриялық науқастарда ҚАС көрсеткіштері мен өмір сүру, өлім және басқа нәтижелер арасындағы байланыс анықталды. ҚАС бар науқастарда нәтиже шараларына талдау жасалды. Онкогериатриялық науқастарды бағалау үшін қолданылатын КГБ элементтерінің комбинациясы анықталды.

Қорытынды: КГБ онкогериатриялық тәжірибеде пайдасын көрсетеді. Клиникалық тәжірибені оңтайландыру және зерттеу мәселелерін шешу үшін КГБ элементтерін таңдауда мұқият болу керек. Бұл саладағы алдағы зерттеулер онкогериатриялық медицинаның дамуына және егде жастағы онкологиялық науқастарды емдеудің тиімділігін арттыруға маңызды үлес болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

01.04.2025
Көрген адамдардың саны: 144