2014-2023 жылдардағы Алматы қаласындағы аналық бездің қатерлі ісігімен сырқаттанушылық және өлім-жітім

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52532/2521-6414-2025-1-75-402

Кілт сөздер:

аналық без катерлі ісігі, аурушаңдық, өлім –жітім, Алматы

Аңдатпа

Өзектілігі: Ұлттық канцер-тіркелімнің деректері бойынша Алматы қаласында (Қазақстан) аналық бездің катерлі ісігімен (АБҚІ) сырқаттанушылық деңгейі 2023 жылы 100 000 әйелге шаққанда 18,3, өлім — жітім деңгейі 100 000 әйелге шаққанда 3,9 құрайды. Алматыда 2023 жылы АБҚІ -мен өмір сүрудің жалпы деңгейі 53,7%-ды құрады. Қазіргі уақытта Алматыда АБҚІ-нен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі жоғары өңірлердің бірі болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Алматы тұрғындары арасында АБҚІ -мен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейінің өзгеруін, сондай-ақ 2014-2023 жж. осы диагнозы бар пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіштерін бағалау.

Әдістері: Алматы қаласында он жылдық кезеңдегі (2014-2023 жж.) сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің құрылымы мен динамикасындағы өзгерістерді талдау есепке алу-есеп беру құжаттамасының деректері негізінде жүргізілді. Ақпаратты статистикалық өңдеу SPSS 23.0 бағдарламалық жасақтамасын қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Нәтижелері: 2014-2023 жылдары 100 000 әйелге шаққанда 14,2-ден 18,3-ке дейін сырқаттанушылық деңгейінің өсуі байқалды, бұл ретте өлім-жітім деңгейі тұрақты төмен болып қалады және 2023 жылы 100 000 әйелге шаққанда 3,9 құрады. 2014 жылы АБҚІ -нің 127 жағдайы анықталды, оның 44,8% - ы аурудың I және II сатыларында болды. 2023 жылы АБҚІ -нің 228 жағдайы тіркелді, оның I және II кезеңдері 52,2% құрады.

Соңғы жылдары 50-54 жас тобынан бастап 55-59 жас тобында ең көп кездесетін АБҚІ -нің жаңа жағдайларын тіркеу жиілігінің айтарлықтай өсуі байқалды. 2023 жылы 2014 жылмен салыстырғанда АБҚІ -нің ең жоғары деңгейі "50-54 жас" тобынан "55-59 жас" тобына ауысты.

Қорытынды: зерттеу нәтижелері Алматы қаласында АБҚІ диагностикасы және емдеу жөніндегі іс-шаралардың жақсаруы елеулі жетістіктерге: өлім-жітімнің төмендеуіне және аурудың ерте сатысында анықталған жағдайлардың үлесінің ұлғаюына әкелгенін көрсетеді. Алайда диагностика әдістерін жетілдіру, алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің онкологиялық қырағылығын арттыру, сондай-ақ Алматы қаласы тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығын арттыру маңызды міндеттер болып қала береді.

Автор өмірбаяны

  • Т.Э. Валиева, «Алматы онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК

     

     

Жүктеулер

Жарияланды

01.04.2025